23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Бүгін Алматы қаласында батуттағы гимнастикадан VI жазғы Спартакиада аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шешуші күннің нәтижелері төмендегідей:
Акробатикалық жолақта секіруден ерлер арасындағы командалық сын:
СҚО (69,7 балл)
Шымкент қаласы (65,8)
Қарағанды облысы (64,4)
Бұл бағдарламада финалда әр командада 3 спортшыдан өнер көрсетті. Іріктеу нәтижесі бойынша финалға 5 команда шықты. Жамбыл облысы мен БҚО жүлдесіз қалды.
Қос минитрамп әйелдер арасында командалық сын:
Павлодар облысы (63,6 балл)
Шымкент қаласы (63,4 балл)
Қарағанды облысы (63,0 балл)
Акробатикалық жолақта секіруден ерлер арасындағы командалық сын:
БҚО (74,9 балл)
Шымкент қаласы (73,8 балл)
Павлодар облысы (72,10 балл)
Финалда 4 гимнастан бақ сынады. ШҚО мен Жамбыл облысы финалда жүлдеге іліге алмады.
Батутта синхронды секіру (ерлер):
Қарағанды облысы (47,07 балл)
Павлодар облысы (47,05 балл)
Қарағанды облысы (45,96 балл)
Батутта синхронды секіру (әйелдер):
Шымкент қаласы (38,28 балл)
Павлодар облысы (38,15 балл)
Павлодар облысы (38,07 балл)
Батутта секіруден командалық сын (ерлер):
Қарағанды облысы (169,53 балл)
ШҚО (157,88 балл)
Павлодар облысы (148,81)
Батутта секіруден командалық сын (әйелдер):
Қарағанды облысы (139,06 балл)
Павлодар облысы (128,25 балл)
Шымкент қаласы (127,32 балл)
Жалпы есепте Қарағанды облысы бірінші болды. Кеншілер өңірінің гимнастары осыдан 4 жыл бұрынғы V жазғы Спартакиадада бас жүлдені қанжығасына байлаған. Одан кейінгі сатыға Шымкент қаласы мен Павлодар облысы тұрақтады.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік