Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматының Алатау ауданында 2300 шаршы метр аумақта контейнерлер өртенді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы ТЖД күш-құралдары оқиға орнына жеткен кезде Алатау ауданы Солтүстік айналма жолы, 78/1 мекенжайында орналасқан сауда бутиктерінің (екі деңгейде орнатылған контейнерлердің) ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.
Өрт сөндіру жасақтары оқиға орнына алты минутта жетті. Өрттің кеш хабарлануына байланыстың тілсіз жау бет қаратпай өрши түскен.
Жедел штабтың жұмысы ұйымдастырылды. Өрт сөндірудің бірнеше учаскесі құрылған. Су үздіксіз беріліп жатыр, - деп хабарлады ТЖМ.
Өртті сөндіруге Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылды. Жалынға тікұшақпен алты мәрте 30 тонна су төгілді.
Түнгі 23:00 шамасында өрт толығымен сөндірілді. Жалын 2300 шаршы метр алаңды шарпыған. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Жапсарлас салынған шамамен 5 мың шаршы метрлік бутиктерге от жайылмады.
Өртті ауыздықтауға ТЖМ күш-құралдарының жеке құрамынан 110 адам мен 23 техника, 1 тікұшақ жұмылдырылды. Оқиға орнында анықтаушылар жұмыс істеп жатыр.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары