Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түсБұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында Алматы қаласындағы Достық үйінде ақпарат саласының дамуына сүбелі үлес қосқан бірқатар журналистер мен медиа саласының мамандарына құрмет көрсетілді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты іс-шараға мәдениет және ақпарат вице-министрі Қанат Ысқақов қатысып, марапат иелеріне мемлекет басшысының атынан мемлекеттік наградалар табыстады. Ол Өз сөзінде бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдағы орны мен маңызын ерекше атап өтіп, сала қызметкерлеріне шығармашылық табыс пен мол игілік тіледі.
Марапатталғандардың қатарында баспа, теле-радио және интернет-журналистикада ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі мамандар бар.
Сала қызметкерлеріне «Құрмет» ордені, «Ерен еңбегі үшін», «Еңбек ардагері» медальдары және «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгілері табысталды.
Министрлік алдағы уақытта да бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің еңбегін жоғары бағалап, олардың кәсіби дамуына қолдау көрсетуді жалғастыра бермек.
Кеше, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды