Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда полиция мас күйде көлік тізгіндеген автобус жүргізушісін ұстады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бүгін әл-Фараби даңғылында Алматы облысындағы лагерьге балаларды тасымалдап бара жатқан шағын автобустар колоннасының қозғалысын бақылау кезінде полицейлер деректі анықтады. Балалар отырған көлікті басқарған жүргізушілердің бірінде алкогольдік масаңдық белгілері байқалған. Наркологиялық сараптаманың нәтижесі ағзада алкоголь барын растады.
Полиция қызметкерлері дереу жүргізушіні көлік құралын басқарудан шеттетті, автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына орналастырылды, материалдар заң аясында шешім қабылдау үшін Алматы қаласының ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді.
Балаларды тасымалдау - бұл ерекше жауапкершілікті қажет ететін сала. Мас жүргізушінің көлік құралын басқаруы - кәмелетке толмағандардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді. Мұндай деректердің қатаң түрде жолы кесіледі. “Заң мен Тәртіп” қағидаты аясында мұндай әрекеттерді ақтауға болмайды, - деді Алматы қалалық жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.
Сонымен қатар Алматы полициясы, балаларды ұйымдасқан түрде тасымалдау қауіпсіздік талаптарын, соның ішінде жүргізушілерді жолға шығар алдында тексеруді, автобустардың техникалық жағдайын және бағытты сақтауды толық сақтай отырып жүзеге асырылуы тиіс екенін еске салады.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары