Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматы қаласында «Педиатрия мен балалар хирургиясының заманауи мәселелері: тәжірибе, инновациялар және жетістіктер» атты ғылыми-практикалық конференция және «Жас зерттеуші» жас ғалымдар мектебі өтті, деп жазады El.kz интернет порталы.
Іс-шараға Қазақстан мен шет елдерден 100-ден астам спикер қатысып, 1500-ден астам дәрігер мен жас мамандарды біріктірді.
Конференция балалар денсаулығын сақтау саласындағы ғылыми тәжірибе алмасуға, клиникалық тәжірибені жетілдіруге және кадрлық әлеуетті арттыруға бағытталды. Онда педиатрия мен балалар хирургиясындағы диагностика, емдеу, оңалту және инновациялық технологияларды енгізу мәселелері талқыланды.
Шараның екінші күні өткен Жас ғалымдар мектебінде докторанттар, магистранттар мен резиденттер 50-ге жуық ғылыми баяндама ұсынып, педиатрия саласындағы жаңа зерттеу бағыттарын таныстырды.
Конференцияны ашу барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері мен сала жетекшілері сөз сөйлеп, жас мамандардың ғылым мен практиканы ұштастырудағы рөлін атап өтті.
Жас ғалымдарсыз заманауи медицинаны дамыту мүмкін емес, - деді Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының өкілі Ләззат Манжуова.
Іс-шара ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы мен «Педиатрлар Одағы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтті. Конференция жас мамандардың кәсіби дамуына және еліміздің балалар медицинасының болашағын нығайтуға серпін берді.
Кеше, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады