12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікАлматыда полицейлер алаяқтық қылмыстар жасады деген күдікпен үш әйелді ұстады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бүгінгі таңда азаматтарға келтірілген жалпы шығын 346 миллион теңгеден астам сомманы құрайды. Алдын ала мәлімет бойынша қылмыскерлер халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысуды ұсынып, алдап кеткен. Олардың әрекеттерінің салдарынан көптеген азаматтар айтарлықтай материалдық шығынға ұшырады.
Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 4-бөлігі - аса ірі көлемде жасалған алаяқтық бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция зардап шеккендердің барлығын және қылмыстық әрекеттің қосымша эпизодтарын анықтау бойынша шаралар қабылданып жатыр.
12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер