23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?7 ақпанда ІІМ мен ҰҚК қызметкерлері Алматы қаласында құрамында белгілі «Айшуақ-Жантүгел» ұйымдасқан қылмыстық тобының мүшелері бар топты құрықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, жедел-тергеу іс-шараларының нәтижесінде 14 адам ұсталды. 7 атыс және травматикалық қару, 4 граната, 200-ден астам оқ-дәрі, есірткі заты, сондай-ақ басқа да суық қару тәркіленді. Топ мүшелері кәсіпкерлерге өздерінің криминалдық «қамқорлығын» көрсете отырып, оларды бопсалаумен айналысқаны анықталды. Олар Алматы қаласының темір жол вокзалдары аумағында, сондай-ақ базарларында өз ықпалын жүргізген.
Ұсталған адамдарға қатысты Алматы қаласы ПД тергеу басқармасы бопсалау және бас бостандығынан заңсыз айыру фактілері бойынша бірнеше қылмыстық істі тергеуді бастады, – деді ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.
Сол күні полиция күшімен Степногорск қаласында осыған ұқсас ұстау жүргізілді. Жедел жұмыстың нәтижесінде қорқыту және күш көрсету арқылы қаланың тұрғындарын бопсалаумен айналысқан жергілікті криминалитеттің қатарынан тұратын топтың жолы кесілді.
Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оларға қатысты Ақмола облысы ПД тергеу басқармасы бопсалау фактілері бойынша 6 қылмыстық істі тергеп жатыр. Көрсетілген фактілер бойынша өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жарияланбайды, – деді Қуандық Алпыс.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік