Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматыда алдағы демалыс күндері Түркістан облысының тауарөндірушілері қатысатын кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жәрмеңкеге облыстың 16 ауданы мен Түркістан қаласы қатысады. Алматы тұрғындары мен қонақтарына жергілікті өндірушілердің 50-ден астам түрлі өнімі ұсынылады. Олардың ішінде ет-сүт өнімдері, жеміс-көкөніс пен шұжық түрлері, ұн, жарма, өсімдік және малдың майы және күнделікті тұтынуға қажетті өзге де тауарлар бар. Жалпы 500 тонна өнім жеткізіледі. Оның ішінде 100 тонна ет өнімі, 250 тонна жеміс-көкөніс, 30 тонна сүт өнімдері және 120 тоннаға жуық өзге де өнімдер.
Жәрмеңке 27-28 қыркүйекте сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Қазыбек би көшесінде, Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі аралықта өтеді. Келушілер фермерлік өнімдерді делдалсыз, өндірушілерден тікелей қолжетімді бағамен сатып алып, Түркістан облысының ауыл шаруашылығы тауарларының ассортиментімен таныса алады.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс