20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы іргесінде денесі сөмкеден табылған әйелдің өлімі туралы мәліметтер белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайтыс болған әйелдің анасы 39 жастағы қызын азаптап, айуандықпен өлтіргенін айтады.
Айта кетейік, мәйіт табылғаннан кейін екі күн өткен соң, күдікті ұсталды. Қайтыс болған әйелдің анасының айтуынша, күдікті қызымен бірге жалға алған пәтерге барған. Алайда ер адам пәтерден үш күннен кейін ғана шыққан, содан кейін қолында үлкен пакетпен қайта оралған, оған мәйітті салған болуы мүмкін екені айтылды.
Меніңше, бұл қылмысты бір адам жасамаған. Оның бетінде сау жер қалмаған. Алғашында оны тіпті танымай қалдым. Көзін ағызып, тістерін сындырған. Күдікті ішімдік ішіп, демалуға барғанын айтады. Сосын қызым жуынуға кіріп, құлап қалған-мыс. Ал ол қорқып, денесін лақтырып жіберген. Бірақ неге онда оның сау-тамтығы қалмаған? – деп қайтыс болған әйелдің анасы Жанна Тұрсынбаева мәлімдеді.
Әйелдің айтуынша, қызының өліміне үйді жалға беруші иесі де қатысты бар болуы мүмкін.
Полиция сот-медициналық сараптама тағайындады.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?