Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік2025 жылдың 11-19 қазаны аралығында Алматыда теннистен ATP 250 санатындағы Almaty Open турнирі өтеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
ATP 250 турнирі - бұл әлемнің 30 елінде өтетін кәсіби ерлер теннисшілері арасындағы жарыстар санатына жататын беделді дода. Бұл санатқа кіретін 40 турнирдің әрқайсысында жеңіске жеткен спортшы ATP рейтингінде 250 ұпайға ие болады.
Almaty Open турнирінің жүлде қоры 1 миллион АҚШ долларынан асады.
Турнирдің тарихы 2020 жылы Астанада басталды. Сол жылы жарыс ATP 250 санатында алғаш рет өткізілді. Ал 2022 жылы бір реттік негізде оның деңгейі ATP 500-ге дейін көтеріліп, жарысқа әлемнің үздік теннисшілері қатысты. Олардың қатарында Новак Джокович, Стефанос Циципас, Даниил Медведев, Карлос Алькарас, Хуберт Хуркач және Андрей Рублёв болды.
Өткен жылғы чемпион Карен Хачанов биыл өз атағын қорғауға ниетті.
Қазіргі уақытта турнирге билеттер сатылымға шықты.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді