29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыҰлы Отан соғысының ардагері Дарбала Жабатаева 98 жасқа толды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мерейтой иесін Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері арнайы құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Дарбала Жабатаева 1926 жылы Қостанай облысы, Урицкий ауданы, Дудаковка ауылында дүниеге келген. Соғыс басталғанда ол мектеп оқушысы болатын, бірақ өз еркімен майданға аттанып, елін қорғауға бел байлады. Байланыс курстарынан өткен соң, екінші Белоруссия майданының 95-ші дивизиясы, 161-ші атқыштар полкінің құрамында радио оператор болып қызмет етті.
Ардагер Беларусь, Польша және Померанияны азат ету шайқастарына қатысқан. Майданда ауыр жарақаттар мен контузия алғанына қарамастан, соғыс аяқталғанға дейін Отан алдындағы борышын абыроймен өтеді.
Соғыстан кейін, 1946 жылы, демобилизацияланып, партиялық және қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. Қазақстанда жауапты қызметтер атқарып, елдің дамуына өз үлесін қосты.
Дарбала Жабатаева ерлігі мен еңбегі үшін көптеген жоғары марапаттарға ие болған. Олардың қатарында II дәрежелі Отан соғысы ордені, "Ерлігі үшін", "Жауынгерлік еңбегі үшін" медальдары, сондай-ақ "Еңбектегі ерлігі үшін" және "Тың жерлерді игергені үшін" медальдары бар.
Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы атынан әскери қызметшілер ардагерге құттықтау хаты мен естелік сыйлықтарын табыс етті. Олар Дарбала Әміржанқызының қажырлы еңбегін ерекше атап өтіп, оған зор денсаулық, ұзақ ғұмыр және көтеріңкі көңіл күй тіледі.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек