23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?
Алматы қаласында «Qozgan inc» ЖШС ретінде тіркелген қаржы пирамидасы анықталды. Бұл туралы ҚР Қаржы мониторингі агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды El.kz.
Қаржы мониторингі агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті «Qozgan inc.» ЖШС қаржы пирамидасының қызметіне тосқауыл қойды. ЖШС инвестициялық компания атын жамылып, Қазақстан Республикасының тендер алаңында мемлекеттік және жеке сатып алуларға қатысып келген.
«Ұйымдастырушылар сенгіш азаматтарға 105 күн ішінде салым сомасының сыйақысы 5-тен 30 пайызға дейін болатындай, ақшалай қаражатты тендерлік жобаларға салуды ұсынған.
Салымшылардың жалпы саны 100-ден астам. Қаржы пирамидасының қызметінен келген шығын анықталуда.
Қазіргі уақытта «Qozgan Inc.» компаниясының екі ұйымдастырушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, 2 айға дейін «қамау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
ҚР ҚМА азаматтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы институттарына салмауға шақырады», - делінген агенттік мәліметінде.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік