Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Алматы әкімінің айтуынша, баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін QR-код пайда болады
«Мен өз баяндамамда жазға дейін жаңа ғимарат ашылатынын айттым. Балалардың баратын жері болады. Күн сайын 5 мың бала деген аз емес. Ал, ArtSport мәселесі бойынша енді QR-код қолданысқа енгізіледі. Себебі, өткен жылы Алматы қаласына 20 млрд теңге бөлгенбіз. Оның 2,5 млрд теңгесі қолды болып кетті. Қазір іс сотта қаралып жатыр. Жалпы, баланың үйірмеге қатысқан, қатыспағанын тексеру үшін QR-код керек», - деді Ерболат Досаев.
Айта кетсек, биыл балалар үйірмелеріне 16 млрд 200 миллион теңге бөлінген, соның ішінде Алатау ауданына 2 млрд 300 миллион теңге бағытталды.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?