23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Осы күндері Алматыда осы саладағы халықаралық сарапшылардың қатысуымен анестезиологтар мен реаниматологтардың VI Конгресі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ДСМ-ге сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда анестезиология және реаниматология саласында заманауи технологияларды енгізу үшін, жалпы осы қызметті қарқынды дамыту және медициналық көмектің сапасын арттыру үшін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің талаптарын ескере отырып, анестезиология және реаниматология бойынша жаңа стандартты әзірлеуде.
Сондай-ақ, конгресс жұмысының барысында шұғыл акушерлік жағдайларда қарқынды терапияның өзекті мәселелері талқыланды.
«Анестезиолог — реаниматолог — бұл көп бейінді маман, сондықтан үнемі жаңа тәсілдер туралы хабардар болу өте маңызды, ал мұндағы ең жақсы нұсқа - осы немесе басқа заманауи жетістіктерді енгізген және сәтті қолданған әріптестермен қарым-қатынас жасау», - деп атап өтті ҚР ДСМ бас штаттан тыс анестезиологы, профессор Ағзам Шаймарданұлы Жұмаділов.
Форумның жұмысына Израиль, Украина, Түркия және Ресейден келген шетелдік сарапшылар қатысты.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік