30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда халықаралық студенттер күніне арналған ауқымды «Almaty Student's Week» фестивалі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтіп, студенттердің қала өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз етіп, жас көшбасшыларды анықтауға бағытталған.
11-17 қараша аралығында фестиваль аясында студенттерге арналған 30-ға жуық әртүрлі іс-шаралар өтеді. «Almaty Student's Week» фестиваліне қатысатын әрбір студент өз таланты мен көшбасшылық қасиеттерін көрсете алады. Сондай-ақ, жастарға басқа оқу орындарының студенттерімен байланыс орнатуға мүмкіндік беріп, жоғары оқу орындары арасындағы өзара ынтымақтастықты дамытуға септігін тигізеді.
Фестиваль іс-шаралары студенттерге тәжірибе, идеялар және білім алмасуға арналған алаңдар ашып, болашақ бірлескен жобалар мен бастамалардың негізін қалайды. Бұл – студенттердің зияткерлік, спорттық, мәдени және қоғамдық салаларда өзін көрсетіп, өз дағдыларын нығайтып, өзін дамытуға бірегей мүмкіндік.
«Almaty Student's Week» фестивалінің маңызды бөлігі – жастардың патриоттық рухын көтеру, бірлігін нығайту және қазіргі заманғы сын-қатерлерге дайын әлеуметтік белсенді және біртұтас студенттік қауымдастық құру.
Айта кетейік, Алматыда 35 жоғары оқу орнында 199 мыңнан астам студент білім алады, олардың 124 мыңнан астамы басқа өңірлерден келген.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды