2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматыда алғаш рет Қарасу көлі толықтай тазартылып, 53 тонна қоқыс пен 10 мың текше метр лай шөгіндісі шығарылды. Бұл жұмыстар Қарасу шағын ауданы тұрғындарының өтініші бойынша және әкім Ерболат Досаевтың тапсырмасымен қолға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкім тазарту жұмыстарының нәтижесін өзі келіп тексерді.
Көлді тазарту 2023 жылдың наурызында басталды, алайда лай шөгіндісінің жобада көрсетілгеннен бірнеше есе қалың болып шығуына байланысты аяқтау мерзімі тамыз айына шегерілді. Сонымен қатар, техника жүруі үшін уақытша жол салу қажет болды.
Тазарту жұмыстары аяқталған соң уақытша жол жойылды, сондай-ақ судың деңгейін реттеп, тасып кетуінің алдын алу үшін су ағызу құрылғылары орнатылды. Мұндай ауқымды жұмыс тоғанның тарихында алғаш рет жүргізіліп отыр.
Тазарту жұмыстарының арқасында көлдің су айдынының экологиялық балансы мен биоалуантүрлілігі қалпына келеді. Тұрғындардың өтініші бойынша әкім көлдің айналасында жаяу жүргіншілер аймақтары мен спорт алаңдары қарастырылған көріктендіру жобасын жасауды тапсырды.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова