23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАлматыда елімізде алғаш рет онкология саласындағы «Best of ASCO» саммиті өтеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
The Best of ASCO Kazakhstan-2023 – бұл америкалық клиникалық онкология қоғамының (ASCO – American Society of Clinical Oncology) ресми лицензияланған бағдарламасы. Қазақстанда алғаш рет ресми америкалық клиникалық онкология қауымдастығымен (ASCO) лицензияланған cаммиттің өтуі дәрігерлеріміз үшін онкология саласындағы соңғы жаңалықтар мен таңдаулы мәселелерден хабардар болу үшін бірегей мүмкіндік береді, - дейді ұйымдастырушылар.
Спикерлер ретінде онкология cаласындағы белгілі халықаралық және отандық сарапшылар шақырылған. Екі күн ішінде сүт безі және өкпе обырын емдеуге арналған ғылыми симпозиумдар мен баяндамаларды тыңдап, әлемнің жетекші онкологтарымен тікелей араласып, онкологиялық ауруларды емдеу саласындағы тәжірибелерімен бөлісуге мүмкіндік туады.
Аталған іс-шара онкологиялық аурулармен ауыратын пациенттерге медициналық кызметті, онкопациенттеріміздің өмір сүру сапасын жақсартуға, және қатерлі ісікке қарсы күресте үлкен мақсаттарға қол жеткізуге жол ашады.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады