Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыЭкс-судья Светлана Жолманова Алматы полициясына жеткізілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол аса ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке ілінген. Светлана Жолманова ұсталғаннан кейін тергеу амалдарын жүргізу үшін Медеу аудандық полиция бөліміне жеткізілді.
Оған уақытша ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалмақ.
Медеу аудандық полиция басқармасы алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Еске салайық, Светлана Жолмановаға 2021 жылы қылмыстық іс қозғалған болатын. Экс-судья мүдделі тұлғаларға олардың пайдасына сот шешімдерін шығаруға көмектесуге байланысты алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікке ілінді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар