7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматыда көрнекті мәдениет қайраткерлері ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйі аумағына гүлдер отырғызды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, белгілі ақын Ұлықбек Есдәулет, әнші әрі композитор Қадырғали Көбентай, «Ұлт ұстазы» телехикаясында Ахмет Байтұрсынұлының рөлін сомдаған танымал актер Байғали Есенәлі және басқа да белгілі мәдениет қайраткерлері Ахмет Байтұрсынұлының музей-үйіне іргелес аумаққа гүл екті. Олар музей ұжымымен бірге бұл жобаның қала «өмірі» үшін маңызды екенін айтты. Шараға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары, Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері мен «Ахметтану» оқу орталығында тағылымдамадан өтіп жатқан мектеп оқушылары да қатысты.
Гүл отырғызу сазды бағдарламаға ұласты – жас күйші Толғанай Қасенова күй ойнаса, әнші, блогер Ділназ Бердалиева жасыл-желек отырғызу науқанына қатысқандар үшін бірқатар ән орындады.
Іс-шара соңында Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің директоры Ләззат Сағындықова барлық қатысушыға алғыс білдірді, ал музей-үйінің жетекшісі, ахметтанушы ғалым Райхан Имаханбет оларға жазушы Дидар Амантайдың «Ахмет Байтұрсынұлы: тіл мұраты, болмыс философиясы» кітабын және өзінің «Ғасыр саңлағы» атты авторлық басылымын сыйға тартты.
Айта кетейік, Алматы әкімі Ерболат Досаев қалада бір айға жалғасатын «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталғанын жариялады.
Естеріңізге сала кетейік, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 8 сәуір күні «Алматы – біздің ортақ үйіміз» науқаны басталды.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?