7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Алматы әкімдігі халық көп жиналатын жерлерге адамның бет-бейнесін анықтайтын камералар орнатуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz.
"Ашық НҚА" сайтында талқылауға шығарылған құжатқа сәйкес, адамның бет-бейнесін танитын бейнекамералар, шамамен, 2,2 метр биіктікте орнатылады. Егер камераны мүмкіндігінше төмен орнатса, адамның бет-бейнесі анық түседі.
Бірыңғай видеомониторинг жүйесіне адам көп шоғырланатын әртүрлі объектілерде орнатылған және меншік иелерінің келісімімен коммерциялық ұйымдардың қолданысындағы бейнебақылау жүйелерін біріктіру жоспарланған.
– Алматы қаласының бірыңғай видеомониторинг жүйесі — қала бойынша бейнекескіндерді жинау, өңдеу мен сақтауды жүзеге асыратын бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы. Ұлттық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудегі видеомониторинг ұлттық жүйесінің өңірлік бөлігі. Ол қала мәселелерін шешуде видеосараптама қалыптастыру функцияларын атқарады, — делінген құжатта.
Ал суреттің өлшемі 200х200 пиксельден кем болмайды.
Құжат 19 тамызға дейін талқылауға шығарылып отыр.
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?