30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматыда Абай күніне орай әдеби, мәдени және ағартушылық бағыттағы бірқатар іс-шара ұйымдастырылады. Қала тұрғындары мен қонақтарына концерттер, поэзия кештері, әдеби кездесулер, дәрістер мен шығармашылық жобалар ұсынылады.
Мерекелік бағдарламаның негізгі іс-шараларының бірі – Almaty Summer Fest жобасы аясындағы «Абай әлемі» концерт-спектаклі. Ол 8 тамыз күні сағат 18:00-ден 22:00-ге дейін «Алатау» дәстүрлі өнер театрының алдындағы алаңда өтеді. Қойылымнан кейін мерекелік концерт ұйымдастырылады.
Сахнада Мақпал Жүнісова, Жанар Дуғалова, 6ellucci, KeshYou, Асхат Тарғын, IL Canto квартеті, Талғат Күзембаев, Ерлан Біләл, Нұрлыбек Нағметов, Серік Исахан, Нұрлан Бердібаев, Біржан Демеұлы және ISATAY өнер көрсетеді. Сондай-ақ «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әртістері, «АЛАТАУ» ансамблі мен Медеу ауданының шығармашылық ұжымдары қатысады.
Абай күніне арналған негізгі шаралар 10 тамызда жалғасады. Сағат 08:30-да Абай алаңында қала әкімдігі өкілдері, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің қатысуымен ұлы ақынның ескерткішіне гүл қою рәсімі өтеді.
Бұл күні Алматының кітапханалары мен мәдени орталықтарында да түрлі іс-шара жоспарланған. №176 мектеп-гимназиясында «Даналықтың дара жолы – Абай» мәнерлеп оқу байқауы ұйымдастырылса, №24 кітапханада «Адамзаттың алыбы – хакім Абай», №6 кітапханада «Өлмейтұғын артына сөз қалдырған», №29 кітапханада «Ұлы дала үні – Абай» әдеби-музыкалық кештері өтеді.
Мұхтар Әуезов атындағы кітапханада «Абай мұрасы және қазіргі жастар: рухани жаңғыру мен жаңа көзқарас» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылады. Alatau Creative Hub орталығында «Абай сөзі – ұрпаққа аманат» поэзия кеші, ал Наурызбай ауданының комьюнити орталығында «Абай оқулары» әдеби кеші өтеді.
Сағат 14:00-де №1 кітапханада «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе…» әдеби подиумы, №32 кітапханада «Абайды оқы, таны, үлгі ал!» портреттік кеші ұйымдастырылады. Розыбакиев көшесіндегі Алматы кітапханаларының филиалында «Хәкім Абай – ұлт руханиятының темірқазығы» әдеби-музыкалық кеші өтеді.
Ал сағат 16:00-де Есентай өзенінің жағалауында «Жағалаудағы Абай» инсталляциялық жобасы таныстырылады. Онда Абайдың нақыл сөздері мен шығармаларынан үзінділер ұсынылып, қала кеңістігінде ақынның рухани мұрасын насихаттауға басымдық беріледі.
Сонымен қатар 10 тамызда №6 Оқушылар үйінің аумағында Абай Құнанбайұлының шығармашылығына арналған арт-галерея ұйымдастырылады.
Осылайша, Абай күні Алматыда бірнеше күнге жалғасатын ауқымды мәдени-ағартушылық бағдарламамен аталып өтеді. Іс-шаралар ұлы ақынның шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның рухани мұрасын жас ұрпаққа танытуға бағытталған.
30 Шілде, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды