Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай 1000 адам «Көзімнің қарасы» және «Желсіз түнде жарық ай» әндерін хормен орындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың басқарма төрағасы – ректоры Жансейіт Түймебаев Абай мұрасын зерттеу және насихаттау баршаға ортақ міндет екенін жеткізді. Сондай-ақ өз сөзінде ректор қазіргі таңда жастардың Абайға, оның бай мұрасы мен даналығына деген қызығушылығының жылдан-жылға артып келе жатқанына тоқталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде: «Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуіміз керек», – деп тапсырма берген болатын. Биыл жалғыз қазақ елі ғана емес, барша әлем жұртшылығы қазақ халқының ұлы перзенті, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығын мемлекеттік және халықаралық деңгейде атап өтеді. Осы ретте ҚазҰУ базасында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған түрлі конференциялар, симпозиумдар мен келелі кездесулер ұйымдастырылады. Университетте Абай ғылыми-зерттеу институты 2009 жылдан бастап табысты жұмыс істейді. Институт ғалымдары «Абайтану антологиясы» 10 томдығын жарыққа шығарды. Білім ордасында ұлы ақынның мұрасын насихаттау жұмыстары белсенді жүргізіледі, – деді ректор.
Кеше, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?