6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда балаларының түнгі уақытта сыртта жүргені үшін 89 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кәмелетке толмағандар арасындағы жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында осы жылдың 27-30 қаңтар аралығында Алматы қаласында ПД-ның қызметтері мен мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен “Жасөспірім және Заң” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның екі күнінің ішінде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзушылық жасағаны үшін 128 жасөспірім жеткізілді, оның 89-ы түнгі уақытта. Қараусыз және панасыз қалған 14 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Сонымен қатар 14 кәмелетке толмаған құқық бұзушы мен 16 тұрмысы нашар отбасы анықталып, ішкі істер органдарына есепке алынды, - деді Алматы қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.
Сондай-ақ полицияда, ұсақ құқық бұзушылықтарға "мүлдем төзбеушілік” қағидаты бойынша құқық бұзушылықтарды анықтауға ерекше назар аударылып жатқанын айтты. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында қаланың білім беру ұйымдарында 98 дәріс пен семинарлар өткізілді.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі