Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыБиыл Алматыда Жұмыс орындарын құрудың өңірлік картасы аясында 87 226 жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда, оның 84%-ы немесе 73 293-і тұрақты болады. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында хабарлады, деп жазады El.kz ақпарат агенттігі.
Жұмыспен қамту шаралары 32 мың адамды қамтиды. Олардың ішінде 10,6 мың адам тұрақты жұмысқа орналасады, 8,7 мың адам субсидияланатын жұмыс орындарына жіберіледі.
Оқу бағдарламаларына, оның ішінде enbek.kz платформасында қысқа мерзімді курстардан өтіп жатыр. «Бастау Бизнес» жобасына қатысуға 7 мың адам тарту жоспарланып отыр. Сондай-ақ кейбір алматылық кәсіпкерлік бастамаларды қолдау аясында 400 АЕК-ке дейінгі грант алуы мүмкін, - делінген мәліметте.
Айта кетейік, 2024 жылы Алматыда 84,7 мың жұмыс орны ашылған. Халықты жұмыспен қамту бойынша белсенді шаралардың арқасында қаладағы жұмыссыздық деңгейі 4,8%-дан 4,6%-ға төмендеді.
Кеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар