Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда жол-көлік оқиғасынан 7 жасар бала көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қайғылы оқиға Байзақов көшесінде болған. Ауыр жарақат алған жеті жасар бала оқиға орнында қайтыс болды.
Куәгерлердің айтуынша, Jetour көлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Қарасай батыр мен Бөгенбай батыр көшелерінің арасында көлік жолға кенеттен жүгіріп шыққан баланы қағып кеткен.
Алматы қаласы ПД баспасөз қызметі оқиға туралы мәлімдеме жасады:
Бұл жол-көлік оқиғасы 15:30 шамасында Алмалы ауданында болды. Jetour автокөлігінің жүргізушісі Байзақов көшесімен солтүстік бағытта қозғалып келе жатып, Бөгенбай батыр көшесінен сәл оңтүстікке қарай белгіленбеген жерден жолды кесіп өткен 7 жасар баланы қағып кетті.
Соққыдан бала жолдың қарсы бағытына ұшып кетіп, Hyundai көлігіне соғылған.
Өкінішке қарай, алған жарақаттарынан бала оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкелген жол апаты фактісі бойынша (ҚР ҚК 345-бабы, 3-бөлім) Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасымен қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары