Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАлматы қаласында 5 жасар бала көршілер чатына анасына көмек сұрап, хабарлама жіберіп, анасын бір өлімнен аман алып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі CMN сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 19 сәуірде сағат 9:55-те 13-қабаттағы пәтердің бірінде болған. Аяқ астынан Гүлмира есімді әйел есін жоғалтып, еденге құлайды. Осы сәтте ұлы Ален анасының телефонын ашып, көршілермен ортақ чатты тауып, «өтінемін, көмектесіңіздер, анам өліп кетуі мүмкін, дәрігер шақырыңыздаршы», деп дауыстық хабарламалар жіберген.
Мұны естіген көршілер дереу жедел жәрдемге хабарласады да, Ален тұратын үйге бет алады. Бала еш үрейленбестен есікті ашып, көршілерді, 20 минуттан кейін келген дәрігерлерді үйіне кіргізеді. Жедел жәрдем келгенде әйелдің есі кіресілі-шығасылы еді. Дереу ол ауруханаға жеткізілді.
Көршілері баланың төтенше жағдайға тез әрекет еткеніне сүйсінді. Олар анасы жазылып келгенде Аленге өздері жиналып сыйлық жасауды ұйғарып отыр.
Әйелдің қазіргі жағдайы әзірге белгісіз.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?