Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматы қаласында жүргізілген «Құқық бұзушылыққа жол жоқ» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында сегіз күн ішінде 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі тіркелді.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, оның басым бөлігі өрескел әрі жол қауіпсіздігіне тікелей қатер төндіретін.
Осы уақыт аралығында 4,7 мыңнан астам көлік арнайы айыптұрақтарға қойылған.
Алматы қалалық Полиция департаменті басшысының орынбасары Ғалым Сарғұловтың айтуынша, бақылау күшейтілгеніне қарамастан, жолдағы жағдай әлі де күрделі. Бұған негізгі себеп – адам факторы.
Қала көшелерінде өрескел құқық бұзушылықтармен қатар агрессивті жүргізу жағдайлары жиі тіркеледі. Олардың қатарында қауіпті түрде жолақ ауыстыру, күрт маневр жасау, жол ережелерін әдейі елемеу секілді әрекеттер бар. Мұның бәрі жол қозғалысының өзге қатысушыларына үлкен қауіп төндіреді, – деді ол.
Сондай-ақ мас күйінде көлік тізгіндейтін жүргізушілер мен жүргізуші куәлігінсіз рөлге отыратындар, жалған нөмір тағатындар да ерекше алаңдаушылық туғызып отыр. Полиция өкілдерінің айтуынша, дәл осындай заң бұзушылықтар жол-көлік оқиғаларының ең қауіпті түрлеріне алып келеді.
Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыда резонанс тудырған жол апаты тіркелген еді. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысқан. Салдарынан үш адам қаза тапты: 29 жастағы жүргізуші мен оның екі жолаушысы – 20 және 22 жастағы қыздар оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr көлігінің жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде оның мас күйде болғаны анықталды.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға шақырып, жауапсыз әрекеттердің ауыр салдарға әкелетінін ескертеді.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?