Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда Құрлық әскерлері Әскери институтының аумағында сержанттың денесі табылған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Осы жылдың 12 қыркүйегінде Құрлық әскерлері әскери институтының инженерлер қалашығының аумағынан 1980 жылы туған келісімшарт бойынша еңбек ететін әскери қызметшінің мәйіті табылды. Алдын ала себеп бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол салған. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Оқу орнының басшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына қайғысына ортақтаса отырып көңіл айтады, оларға барлық қажетті көмек көрсетіледі, — делінген Құрлық әскерлері әскери институтының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Ішкі істер министрлігі ақпаратты растады. Қазіргі таңда өз-өзіне қол жұмсау фактісі бойынша тергеу басталған.
Аталған факті бойынша Оңтүстік өңірлік әскери-тергеу басқармасы ҚР ҚК бірінші бөлігінің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, - деп хабарлады ІІМ.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?