10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы«Алматы» ӘКК» АҚ еншілес ұйымы, «Almaty Finance» ЖШС Алматы қаласы Наурызбай ауданында жекеменшік жалпы білім беретін мектептің құрылысын қаржыландырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, қарыз алушы «Orken Education» ЖШС 200 млн теңгеге өз қаражаты есебінен құрылыс материалдарын ішінара сатып алуға және кейіннен бірінші қабаттың құрылысына жұмсады. Өз кезегінде, «Almaty Finance» ЖШС оқу орнының құрылысын аяқтауға және жабдықтауға 288 млн теңге бөлді.
Жобаны қаржыландыру «Almaty Business-2025» кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылуда. Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6%, қаржыландыру мерзімі 5 жылды құрайды. Құрылысты аяқтау 2025 жылдың жазына жоспарланған. Ашылғаннан кейін жаңа оқу орнына бір уақытта 420 оқушы келе алады.
Жаңа мектептің құрылысы Наурызбай ауданында мектеп орындарының жетіспеушілігі мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жоба сондай-ақ 50 жаңа жұмыс орнын құруды көздейді. Сонымен қатар, жекеменшік мектептің қызметі есебінен жергілікті бюджетке салық түсімдері ұлғаяды, - деді «Almaty Finance» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Жұлдыз Игенов.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді