13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңызАлматыда жалдамалы пәтерлерді беру жалғасып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыда әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтарға пәтер табыстау жалғасып келеді. Бұл жолы Alem City-2 ТҮК орналасқан 5 үйде ХӘОТ санатындағы кезекте тұрған тағы 105 тұрғын қоныс тойын тойлайды.
Бұл биыл мамыр айында басталған пәтер кілтін табыстау рәсімінің жалғасы. Бүгінде 400-ге жуық алматылық баспаналы болды. Алматы әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен биыл қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан 2000 жалға берілетін пәтер беріледі, оның 400-і жетім балаларға арналған.
Жаңа баспана көпшілікке тосын сый болды.
Ұялы телефоныма қоңырау шалып, пәтердің иесі болғанымызды айтты, басында сенбедім. Біз үшін бұл үлкен бақыт және тосын сый! Ұлымды жалғыз асырап отырған мен үшін бұл мемлекет тарапынан үлкен қолдау, - деді алматылық Виктория Гришина.
Алматыда мұндай жобаларды іске асыру қала тұрғындарының, әсіресе қиын өмірлік жағдайға тап болғандардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.
13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?10 Қыркүйек, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырды