6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, биыл қалада шамамен 300 шақырым жолға, 30 шақырым жаяу жүргіншілер жолына орташа жөндеу жүргізу, сондай-ақ 35 шақырым жаңа жол салу жоспарланған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, Жас Қанат, Шұғыла, Әлмерек, Ақжар, Рахат, Мәдениет және Боралдай шағын ауданы сынды қалаға қосылған аумақтарда жаңа жол салу 70 мыңнан астам тұрғынға көлік қатынасын едәуір жақсартуға мүмкіндік береді.
Бұл жұмыстар қаладағы сапалы жолдардың үлесін 2024 жылы 92%-дан 2025 жылы 95%-ға дейін арттыруға септігін тигізеді, - делінген мәліметте.
Еске салайық, былтыр Алматыда ұзындығы 250 км болатын 255 көше жөнделіп, 25 км жаңа жол салынды, Құлжа тас жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, Саин – Мөңке би жолайырығында қозғалыс ашылған болатын.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі