Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыАлматыда 30 сәуір күні сағат 11:00–де сирена дыбыстары іске қосылады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ТЖД мәліметінше, жалпы қалалық жоспарлы сейсмикалық жаттығу өткізіледі.
28 сәуірден бастап теле-радиоарналарда алдағы жоспарлы жаттығу туралы бейнероликтер мен сабыр сақтауға шақыратын хабарламалар көрсетіліп жатыр. Сейсмикалық жаттығу өтетін күні сағат 11:00–де қалалық хабарлау жүйесі іске қосылады: сиреналық-дауыс хабарлау құрылғылары, теле-радиоарналарды автоматты түрде тоқтатып, шұғыл ақпарат беру, мобильді қосымшалар арқылы хабарламалар жіберу жоспарланған, – делінген хабарламада.
Осыған байланысты төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын сабыр сақтауға шақырды.
Дыбыстық сигналды естіген кезде дереу теледидар мен радиоқабылдағышты қосып, интернет-ресурстар мен мобильді қосымшалар арқылы ресми ақпарат алып, одан әрі әрекет ету бойынша нұсқаулармен танысу қажет. Сейсмикалық жаттығу басталғанға дейін дабыл шабаданын дайындаңыз, қауіпсіз жерге апаратын ең қысқа жолды анықтаңыз. Естеріңізге сала кетейік, қауіпсіз орын — бұл электр желілерінен, ағаштардан және ғимараттардан алыс орналасқан ашық алаң, – делінген хабарламада.
Кеше, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһарыКеше, 11:03
Дәрігерлерді қорғаудың жаңа жолы: Қазақстанда кімдерге 13 млн теңге төленеді14 Қазан, 18:14
АПВ-ға қарсы вакцина жүктілікке қалай әсер етеді? Ғалымдар зерттеу нәтижесін жариялады13 Қазан, 12:09
Албанияда бұлтқа ұқсайтын ерекше ғимарат салынады