Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекҚР Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Арынов "Ақсай" бассейніндегі селді ұстайтын бөгетті тексеру кезінде мердігердің жоғарыда аталған объектіні салу бойынша міндеттемелерін орындамауына байланысты белгілі бір бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының 30 мыңға жуық тұрғынының өміріне қауіп төніп тұр. Осыған байланысты "Қазселденқорғау" басшылығының алдында тиісті материалдарды процессуалдық шешім қабылдау үшін ҚР Қаржы мониторингі агенттігіне беру туралы мәселе көтерілді, - делінген ТЖМ ақпаратында.
Оның нәтижелері бойынша ҚР ҚМА қылмыстық іс қозғады және мердігер ұйымның жауапты тұлғаларына қатысты бюджет қаражатын ұрлау бойынша тергеу жүргізілуде.
Айта кетейік, ҚР ТЖМ «Қазселденқорғау» ММ-мен келісімшартқа отырған мердігер ұйымның директоры бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша күдіктелуде.
ЖШС Алматы қаласында «Ақсай өзенінің бассейнінде селді ұстайтын бөгет салу» жобасын іске асырған. ЖШС-ның жауапты тұлғалары алдын ала сөз байласу арқылы аса ірі көлемде, бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Залал сомасы алдын ала есеп бойынша 775 млн теңгеден асады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?