Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы агломерациясы тұрғындарына ыңғайлы болу үшін үш жаңа қала маңы маршруты іске қосылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдіктің мәліметінше, енді N245 маршрут Ұзынағаш — Төле би-Яссауи автобекетінен жүреді. Сыйымдылығы үлкен 25 автобус, қозғалыс уақыты: 5:45 — 23:00.
N254 маршрут: Қаскелең — «Сәлем» базары, 16 автобус, қозғалыс уақыты: 5:50 — 23:00.
N239 маршрут: «Б.Момышұлы» метро бекеті — Долан ауылы, 18 автобус, қозғалыс уақыты: 5:30 — 23:01.
Барлық маршрутта жол жүру құны - 120 теңге, «Onay» жүйесі қолданылады. Маршруттар сынақ режимінде іске қосылып, қозғалыс сызбасы мониторинг нәтижелеріне сәйкес түзетіледі.
Айта кетсек, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен өткен жылы 600 автобус пен 100 троллейбус сатып алынып, 22 жаңа бағыт, оның ішінде 10 қала маңы маршруты ашылған. Биыл тағы 600 автобус, 112 троллейбус және 100 электр автобусы сатып алынды.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек