Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыЖетісу ауданында ауысымына 240 адам қабылдайтын жаңа емхана ашылады. Қала әкімі Ерболат Досаев жаңғырту барысымен танысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ауданы 1547 шаршы метрлік 4 қабатты ғимаратта ішкі жөндеу және әрлеу жұмыстары аяқталып, жиһаз және құрал-жабдық сатып алынып жатыр.
Емхана ауданның 30 мың тұрғынына қызмет көрсетеді. «Жұмысшылар кенті» және жақын маңдағы шағын аудандар «Қадамдық қолжетімділік» қағидаты бойынша медициналық қызметпен қамтылады. Бұл Алмалы ауданындағы №5 және №8 емхананың жүктемесін азайтады.
Медициналық лицензия алу ғана қалды, санитарлық талапқа сай болу үшін көлік жуу нысаны орналасқан жерді сатып алу қажет.
Жергілікті тұрғындар емхананың ашылуын күтіп жүр. Алайда жер иесінің өтемақы мөлшерімен келіспеуіне байланысты мәселе сот арқылы шешіледі. Содан кейін емхана пациентті қабылдауға кіріседі.
Жетісу ауданында тағы екі жаңа – Омаров және Нүсіпбеков көшелерінде емхана ашу жоспарланған. Ол үшін әкімдік ғимараттарды сатып алып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды