Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда 22 сағат қар жауып, коммуналдық қызметі күшейтілген жұмыс режиміне көшкен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, күндізгі кезеңде 609 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды.
Жауын-шашын басталғаннан бері 159 құмшашқыштың күшімен жолдарды көктайғаққа қарсы материалдармен өңдеу жүргізілуде. Сағат 10:00-дегі жағдай бойынша 1480 тонна пайдаланылды. 64 бірлік шағын көлемді техниканың күшімен тротуарларды, көлік аялдамаларын, қоғамдық орындарды жинау жұмыстары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Сонымен қатар жолдардың, тротуарлардың, пандустардың шекаралас бөлігін қардан толық тазарту жүргізіліп жатыр. .
Аудан әкімдіктерінде және қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары