Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАлматы облысының Боралдай ауылында 19 жастағы жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде тараған видеодан 35 жастағы жаяу жүргіншінің көліктен қашу үшін қоршаудан ұстап, жоғары секіргенін көруге болады. Бұл соққыны жеңілдеткенімен, ер адам түрлі дене жарақаттарын алды.
Облыстық полиция департаменті оқиға 8 маусымда кешке болғанын нақтылады. Ведомство ұсынған деректерге сәйкес Hyundai көлігінің 19 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалған.
Түрлі дене жарақатын алған жәбірленуші Өтеген батыр ауылындағы ауруханаға жатқызылды. Кінәлінің үстінен ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабының 1-бөлігі және 612-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, – делінген ақпаратта.
Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған. Процессуалдық шешім тергеу. қорытындысы бойынша қабылданады.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек