Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАлматы облысында мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша бірқатар лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы мемлекеттік аудит қорытындысы бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғары аудиторлық палата биыл мамырда өңірдегі тексеру іс-шараларын аяқтады. Аудит барысында ҚР-ның бюджет және өзге де заңнамалары бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды.
Жоғары аудиторлық палатаның нұсқамасын орындау шеңберінде облыстың атқарушы органдарының 17 лауазымды тұлғасы бұзушылықтарға жол бергені үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Өңірдің басқармаларының бірінің басшысына қатысты қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде.
Сонымен қатар облыс әкімі мемлекеттік аудит кезінде анықталған бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Бүгінгі таңда оны іске асыру жалғасуда.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды