6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда 15 жылда алғаш рет 4 субұрқақ кешеніне – әкімдік ғимаратының Шығыс және Батыс жапғындағы, Республика алаңындағы, сондай-ақ Ғ. Мүсірепов театры жанындағы субұрқақтарға күрделі жөндеу жүргізілетін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаевтың 2025 жылғы 1-30 сәуір аралығындағы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау жөніндегі есебінен белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Биылғы 15 сәуірінде 5,6 млрд теңге сомасына 4 субұрқақты кешенді жаңғыртуға шарт жасалды.
Алматы әкімінің есебінде Сайран көлін абаттандыру және қоғамдық кеңістіктерді дамыту жөніндегі тапсырмалардың орындалу барысы да көрсетіледі.
Бүгінде Сайран көлінің айналасын абаттандыру жұмыстары 90% орындалды. Мұнда «Lorberg» (Германия) питомнигінен әкелінген биіктігі 6 метрден асатын 200 ірі ағаш, сондай-ақ 3300 бұта отырғызылды.
Қоғамдық кеңістікті дамыту аясында Алматыда Назарбаев даңғылы мен Ганди көшесінің қиылысында биіктігі 6 метрден асатын 50 ірі ағаш отырғызылған жаңа сквер пайда болады. Бұл учаскеде резервуарды дайындау және инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі