Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыАлматыда құтқарушылар 1280 метр биіктіктежартастан құлап, жарақат алған адамды эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әкімдік жанындағы құтқару қызметінің мәліметінше, ер адам қозғала алмай жатқан. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар зардап шегушіні зембілге салып, сақтандыру құралдарын мұқият тексерді. Медициналық қызметкерлер алғашқы көмек көрсетті.
Құтқару жұмыстары мұз басқан тастар мен тік жартаста жүргізілді. Топтың үйлесімді әрекетінің арқасында зардап шеккен адам қауіпсіз жерге түсіріліп, дәрігерлерге тапсырылды. Алматы құтқару қызметі ескертеді: тауға шығар алдында ауа райы жағдайын ескеріп, жеткілікті дайындықпен бару қажет,-деп атап өтті құтқарушылар.
Айта кетсек, биік таулы аймақтар тұрақты тіректің болмауы, мұз басқан тастар, борпылдақ топырақ және ауа райының күрт өзгеруі сияқты қауіп-қатерге толы. Кез келген қателік құлап кетуге әкелуі мүмкін.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары