Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАлматыда «Қазгидромет» деректеріне сәйкес тәулігіне 18 см қар жауды, бұл қаңтардағы норманың 31% -ын құрайды. Каменское платодағы қар 21 см, ал Медеуде – 12 см, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Қалалық әкімдік мәліметінше, түнгі уақытта көшелерді тазалау үшін 573 арнайы техника, сондай-ақ 711 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Қар шығаруға 203 самосвал тартылды. 23 қаңтар күні таңертең 9 600 текше метр қар сыртқа шығарылды.
22 қаңтардың кешінен бастап 26 техника колоннасы жол полициясының патрульдік машиналарымен бірге қар күреу жұмыстарын жүргізді. 23:30-да басталған қалың қардан кейін қарды қайта сыпыру таңғы 4:00-ден бастап ұйымдастырылды.
Күндізгі уақытта 475 бірлік арнайы техника мен 1280 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Шағын көлемді техниканың 95 бірлігін пайдалана отырып, тротуарларды, қоғамдық кеңістіктерді және әлеуметтік маңызы бар объектілерге кіреберістерді механикаландырылған тазалау жүргізіледі. Сондай-ақ, қоғамдық көлік аялдамалары мен жер үсті өткелдерін қолмен тазалау жұмыстары жүргізілуде, - делінген мәліметте.
Аудан әкімдіктерінде қар тазалау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Алматыда 22 қаңтарда таңертең қар жауа бастады. «Қазгидромет» РМК болжамы бойынша бүгін, 23 қаңтарда сағат 16:00-ден бастап тәуліктің соңына дейін қар жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз -5...-7°С болады, 24 қаңтарда жауын-шашынсыз бұлтты. Түнде ауа температурасы -18... -20°С, күндіз -12...-14°С дейін төмендейді.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар