2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүрАлматыда 44 жастағы әйел 12-ші рет бала көтеріп, дәрігерлердің арқасында алғашқы сәбиін қолына алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әйел Алматының №2 қалалық перинаталдық орталығына жүктіліктің 15-ші аптасында жеткізілген. Ведомствоның мәліметінше ол бұған дейін 11 рет жүкті болып, барлық бала жатырда шетінеп кеткен. Екі экстракорпоралды ұрықтандыру (ЭКО) да сәтсіз аяқталды. Бұл оның соңғы мүмкіндігі болған.
Біз консилиум өткізіп, науқасты гематологқа жібердік. Ол бұрын диагноз қойылмаған антифосфолипидтік синдромды анықтады. Ол жүктіліктің үзілуіне себеп болды. Біз асқынулардың алдын алуға көмектесетін емдеуді бастадық, - деді № 2 қалалық перинаталдық орталықтың директоры Светлана Рахимова.
Дәрігерлер әйелді жеті рет тексеріп, үнемі бақылап, ішіндегі баланы аман алып қалу үшін дәрі-дәрмегін берген. Соның арқасында әйел баласын 34-ші аптасына дейін аман-есен көтеріп жүрген. 34-ші аптадан кейін әйелдің қан қысымы көбейіп, преэклампсия басталған соң, дәрігерлер әйелді шұғыл түрде босандырған. Көптен күткен, салмағы 2700 грамм ұл бала дүниеге келді. Анасы мен баласын үйіне шығардық, қазір денсаулықтары жақсы.
2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова