Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қаладағы ірі автосалондардың әрекетінен монополияға қарсы заңнаманы бұзу белгілерін анықтады, деп хабарлайды El.kz.
– Жаңа автокөліктерді сату нарығындағы бәсекелестік жағдайын талдау нәтижелері, сондай-ақ Алматы қаласы прокуратурасының материалдары негізінде, «Astana Motors Motor Company» ЖШС (Hyundai Premium Almaty, Hyundai Auto Almaty, Hyundai Premium Batys, Сүйінбайдағы Toyota Center), «Orbis Auto» ЖШС (Nissan Center, Toyota City, Volkswagen Center) және «Toyota Tsusho Kazakhstan Auto» ЖШС (Toyota Center Жетісу, Lexus Center Алматы) әрекеттеріне қатысты, үстем жағдайды теріс пайдалану бөлігінде, тұтынушыларға қосымша тауарларды таңу және автокөліктерді сату бойынша қызметтер көрсетуде, Қазақстан Республикасының бәсекелестік заңнамасын бұзу белгілері анықталды, - делінеді агенттіктің хабарламасында.
Ведомствоның мәліметінше, 27 маусым күні аталған нарық субъектілеріне мұндай заңбұзушылықтарды тоқтату және алдағы уақытта оған жол бермеу қажеттігі туралы хабарламалар жіберілген.
– Кәсіпкерлік кодекстің нормаларына сәйкес, нарық субъектісі хабарламада көрсетілген әрекеттерді белгіленген мерзімдерде тоқтатпаса, монополияға қарсы орган тергеп-тексеру жүргізу туралы шешім қабылдайды. Хабарламаны орындаудың және оның орындалғаны туралы ақпаратты ұсынудың соңғы мерзімі оны нарық субъектісі алған күннен бастап күнтізбелік отыз күнді құрайды, - деп түсіндірді агеттікте.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары