Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Алатау қаласында министрліктердің вице-министрлері қатысқан жобалық кеңсе отырысында белгілі болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алайда осыдан кейін Алматы облысының әкімдігі хайуанаттар бағына қатысты ақпарт бойынша қате кеткенін мәлімдеді.
Алматы хайуанаттар бағын басқа қалаға көшіру жоспарланбағанын Алматы мәдениет басқармасы хабарлады.
Алматы хайуанаттар бағы өз жұмысын бұрынғы орнында жалғастыруда, басқа қалаға көшу жоспарланбаған. Алматы қаласының аумағын дамыту жоспары аясында зоогеографиялық қағидат бойынша халықаралық стандарттарға сәйкес хайуанаттар бағын жаңғырту және қайта жаңарту көзделген, - делінген сенбі күнгі хабарламада.
Ақпаратқа сәйкес, 2025 жылы жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге конкурс жариялау жоспарланып отыр, ал қайта жаңарту 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.
Хайуанаттар бағын жоспарланған қайта құру аясында жүргізілетін жұмыстар жануарларды ұстау жағдайларын едәуір жақсартуға және келушілердің болу жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді, - деп толықтырды мәдениет басқармасы.
Бүгiн, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБүгiн, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болдыКеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?