Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАлматыда «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантының жеңімпаздары марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Жастардың бастамаларын қолдауға бағытталған бұл грантқа 150-ден астам өтінім келіп түскен. Нәтижесінде комиссия шешімімен 6 бағыт бойынша 13 ерекше жоба ұсынған талантты жастарға 1 000 000 теңгеден үлестірілді. Атап айтқанда, грант иегерлері ғылым, мәдениет, ақпараттық технологиялар, бизнес, медиа және волонтерлік салалары бойынша марапатталды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері рухы мен ойы еркін жастардың тұтас буыны өсті. Отанымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жатқан Тәуелсіздік балаларының толқыны өсуде. Президенттің тапсырмасымен осы гранттар жас қазақстандықтарды қолдау мақсатында жүзеге асырылып келеді. Бұл олардың тың идеялары мен жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының жастарды әлеуметтендіру және жастар бастамаларын қолдау бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Бекқайыров
Жобаның басты мақсаты – жастардың белсенді әрі шығармашыл қауымдастығын қалыптастыруға бағытталған бастамаларды қолдау, сондай-ақ жастардың қоғамдық маңызды шараларға қатысуы арқылы Отанға деген сүйіспеншілігі мен патриоттық сезімін дамыту дейді ұйымдастырушылар.
Бұл жобаның басталғанын әлеуметтік желілерден көріп, бағымды сынап көрейін деп шештім. Комиссия шешімінен кейін ұйымдастырушылар “жеңімпаз атандыңыз” - деп, хабарласқанда қатты қуандым. Алдағы уақытта жобаны жастарға және қоғамға пайдасын тигізу үшін барынша сапалы жасауға тырысамыз, - деді бизнес бағыты бойынша грант иесі Нүсіпбаева Жұлдыз.
С
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?