Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАлматыда 10-14 қазан аралығында азаматтарды «Алматы жастары» бағдарламасына қатысу үшін қосымша іріктеу жүргізілді, деп хабарлайды El.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, қосымша іріктеуге бағдарламаға негізгі конкурстық іріктеу кезеңінде (18 мамыр - 1 маусым аралығы) өтінім берген, алайда, құжаттары дұрыс толтырылмауына (рәсімделмеуіне) байланысты өтініштері өтпеген адамдар ғана қатысты.
«Өтініштер мен құжаттарды қабылдау қорытындысы бойынша 2135 қатысушы өз өтінімдерін редакциялап, құжаттарын жаңартты. Барлық келіп түскен өтініштер мен құжаттардың бағдарлама талаптарына сәйкестігі тексерілді және әр сала бойынша ең көп жинаған баллдар саны бойынша тізім қалыптастырылды. Іріктелген қатысушылар, резервке енген және қабылданбаған қатысушылардың тізімі www.almaty-zhastary.kz сайтында орналастырылды. Іріктелген 183 үміткерге сайттағы жеке кабинетке «Отбасы банк» АҚ төлем қабілеттілігін растау үшін жолдама берілді»,- деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Кеше, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі