23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы қаласының тұрғыны OLX арқылы жалған әуе және теміржол билеттерін сатуды кәсіпке айналдырған. Оны елордалық полицейлер ұстады, деп хабарлайды El.kz агенттігі.
Астана қалалық Полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті 2023 жылдың сәуір айынан бастап жарнама сайтында билеттерді арзандатылған бағамен сату туралы ақпаратты жариялаған.
Полиция басқармасына хабарласқан елорда тұрғынының айтуынша, әуе билеттерін сатамын деген хабарландыруға сеніп, белгісіз адамға 100 мың теңге аударып жіберген. Ол 10 билет сатып алуды жоспарлаған. Алайда жәбірленуші күдіктеніп, билеттерді күтпестен полицияға хабарласқан.
Жедел-іздестіру шаралары барысында алаяқтықпен айналысты деген күдікпен Алматы қаласының 41 жастағы тұрғыны құрықталды. Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қазіргі уақытта басқа да зардап шеккендер анықталуда.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік