Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады7 қыркүйектен бастап Алматы-Тель-Авив тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алматыға Тель-Авив-Алматы тікелей әуе рейсімен Израильден туристердің бірінші тобы келді.
Аптасына екі рет — бейсенбі және жексенбі күндері AIRBUS А321lr әуе кемесімен ұшуға болады. Тель-Авивтен рейстің ұзақтығы 5 сағат 50 минут, Алматыдан кері рейстің ұзақтығы — 6 сағат 45 минут.
Жаңа әуе қатынасының ашылуына орай, Алматы қаласының Туризм басқармасы Израильден келген қонақтарды қаланың және оның айналасындағы танымал көрікті жерлермен таныстыру үшін тур ұйымдастырды. Туристер «Шымбұлақ» тау шаңғы курортына, «Медеу» денсаулық баспалдағына, Шарын шатқалына, Көлсай көліне және т. б. керемет орындарға барады.
Айта кетейік, пандемия аяқталғасын Алматыға туристер көптеп келе бастады. Биыл бірінші жартыжылдықта мегаполиске 972 мыңнан астам адам келді, оның 710 мыңнан астамы — ішкі туристер, 261 мыңнан астамы — шетелдіктер.
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары