23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?Алматы тексеру комиссиясының қызметінде анықталған бұзушылықтар бойынша бірқатар шара қабылданды. Жоғары аудиторлық палата оның жұмысындағы кемшіліктерді биыл мамырда жариялаған болатын, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, Алматы мәслихатының 13 маусымдағы шешімімен қаржыландыру сомасын 129,6 млн теңгеге азайту бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Бұдан басқа, тексеру комиссиясы төрағасының бұйрығымен аудит материалдарын мемлекеттік емес ақпараттық жүйеге орналастыру практикасы тоқтатылды. Бұл ақпараттың таралып кетуі мен ведомстволық деректерден айырылып қалу тәуекелдерін туындататын.
Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы Алматы тексеру комиссиясының қызметінде бірқатар бұзушылықты анықтады. Іс жүзінде орындалмаған қызметтерге бюджет қаражатын бөлу жағдайлары белгілі болды.
Мысалы, 2022-2023 жылдары аудиторлық ұйымдарды тартудың нақты қажеттілігінің болмауына байланысты 150,4 млн теңге басқа бағыттарға қайта бөлінген, ондағы шығыстардың негізгі бөлігі сыйлықақылар төлеуге жіберілген.
Айта кетейік, тексеру комиссиялары өз қызметін басқа мемлекеттік аудит органдарына тәуелсіз жүзеге асырады. Олар жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылып, өз жұмысында тиісті облыстың немесе қаланың мәслихатына есеп береді.
23 Қараша, 11:02
Мұхаммед Әлимен кездескен даңқты боксшы Жандос Көкімов туралы не білеміз?23 Қараша, 09:02
Қасқыр мен жылқының дауысын айнытпай салатын қазақ қызы көпшілікті таңғалдырды19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік