Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліАлматыда қала әкімінің төрағалығымен «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасын іске асыру жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жиында экология басқармасының басшысы Мирас Ғайсин қаладағы қураған ағаштарды жою, санитарлық мақсатта тазалау және ағаш кесу жұмыстары туралы баяндады.
Жасыл желектердің жағдайын бақылау үшін әсіресе, мектеп мен балабақша назарға алынып, мониторингтік топтар құрылған. Білім басқармасы оқу орындарының аумақтарында ағашты санитарлық мақсатта кесіп, оқушылар мен мұғалімдердің қатысуымен экологиялық акциялар ұйымдастырып жатыр.
Қала басшысы 1 қыркүйекке дейін қазылған барлық жерді аяқтап, ауланы абаттандыруды, санитарлық мақсатта кесіп, көшелер мен әлеуметтік нысандарда тәртіп орнатуды тапсырды. Әрбір нысанда тазалық орнап, жарық тартылып, жағдай тұрақты бақылауда болмақ.
Кеше, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожеліКеше, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс